Иран

АҚШ неге Иранға қайта санкция салмақ?

83
Иранға қарсы санкциялардың қайтарылатыны туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерін жеке хабардар ету мақсатында мемлекеттік хатшы Майк Помпео БҰҰ штаб-пәтеріне бас сұғуды жоспарлап отыр

Сондай-ақ, АҚШ сыртқы саяси ведомствосының басшысы Fox News телеарнасына берген сұхбатында алдағы уақытта оқиғалардың өрбуімен толығырақ бөлісіп, оған америкалық басшылықтың көзқарасы жайлы айтып берді, деп жазады РИА Новости. 

Помпеоның пікірінше, "барлық санкциялар қалпына келтіріледі", ал "әлем қауіпсіз күйге енеді". Себебі, "ирандықтарда Ресейдің әуе қорғаныс жүйелерін, қытайлық танкілерді және Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін кез келген дүниені алуға мүмкіндігі болмайды". Егер басқа елдер (ең алдымен Ресей мен Қытай) АҚШ жаңартқан шектеулер режимін сақтаудан бас тартса, онда олардың өздері шектеулерге тап болады. Мемлекеттік департамент басшысы АҚШ "мұны бұған дейін де жасады, <...> басқа елдер қолданыстағы америкалық санкцияларды бұзған кезде, біз әр елді осы үшін жауапқа тарттық және біз БҰҰ-ның әлдеқайда ауқымды санкцияларына қатысты осы әдісті қолданамыз" деді.

Иран тақырыбының кезекті рет күрт талқыға түсуі маңызды күн – 2020 жылғы 18 қазан жақындаған сайын жасалып жатқан әрекет.

Дәл осы күні Бірлескен тұтастай қамтылған әрекеттер жоспарының (БТӘЖ, оны көбіне "ядролық мәміле" деп атайды) маңызды тармақтарының бірі – қару-жарақ эмбаргосының мерзімі аяқталады. 18 қазанға дейін Иранға қару-жарақ тасымалдау рұқсат алу сипатында болды және ол үшін БҰҰ-ның арнайы мақұлдауы болуы тиіс. АҚШ БТӘЖ-ден 2018 жылы шығып кеткен болатын. Бірақ, қару-жарақ эмбаргосының әрекет ету мерзімі аяқталуына аз қалуы оларды мәміленің басқа мүшелерімен қарым-қатынасын белсенділендіруге мәжбүр етті. Себебі, бұл тақырып АҚШ үшін аса жақын.

Дәл осы мәселе бойынша олар бір апта бұрын ауыр сәтсіздікке ұшырады. Вашингтонның эмбаргоны ұзарту туралы резолюцияны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі арқылы "өткізуге" тырысуы сәтсіз болды.

Мәселе Ресей мен Қытайдын вето құқығын қолдануында да емес. Штаттар оқиғаның осылай өрбитініне алдын ала дайын болды. Америкалықтар үшін жоғарыда аталған ұсынысты тек бір ғана ел Доминикан Республикасы қолдағаны жанына батты. Қауіпсіздік кеңесінің басқа мүшелері бұл мәселеге дауыс беруден қалыс қалуды ұйғарды. Өздерінің антиирандық саясатымен ең жақын одақтастарының да ығырын шығарғанына дәлел бола алатын мұндай нәтиже Вашингтон үшін нағыз масқара болғаны рас. Бірақ, бұл олардың ұстанған позициясына еш әсер ете алмады.

Ең алдымен Дональд Трамп Владимир Путиннің Иран жөнінде жоғары деңгейде онлайн-саммит өткізу туралы идеясын қабылдамады. Ресей президенті Иран айналасындағы жағдайдың ушығуын болдырмас үшін саммит туралы ұсынысты алға тартқан кезде, америкалық тарап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі "қару-жарақ эмбаргосын ұзартумен байланысты пікірталастар үшін ең қолайлы орын" екенін мәлімдеді. Сөйтті де, Мәскеу осы мәселені талқылау үшін "заңды негіздеме жоқ екенін бірнеше рет және түсініксіз түрде айта бергеніне" кейістік білдірді.

Майк Помпеоның жаңа қадамы Вашингтон бір қадам да кері шегінбейтінін және діттеген мақсатына жетпей тынбайтынын білдіріп отыр. Америкалық биліктің табандылығы мен бірізділігі тәнті болуға лайық екенін мойындау керек. Олар кез келген кедергіні елемей, бет алған бағытқа қарай жылжып келеді. Алайда, олар бір орыннан қозғалмай "жылжып" келе жатқанын түсінбей отыр. Осы тұста олардың жұмсаған күш-жігері мен қол жеткен нәтиже, жалпы, осы әдістің тиімділігі жайлы сұрақ туындайды.

Көп жылдар бойы америкалық сыртқы саясат "морт сынғанша қысым көрсету керек" деген принципті ұстанып келді. Себебі, бұл әдіс расымен де нәтиже беретін. Кейде тіпті бір рет қоқан-лоқы көрсетудің өзі жеткілікті болды.

Мұндағы проблема біршама уақыттан бері аталған әдістің өз тиімділігін жоғалтуында болып отыр. Сондықтан, америкалық сыртқы саяси сәтсіздіктерінің жиілегені соншалық, АҚШ-тың айдауына көнбеген мемлекеттерді жазалауға деген талпынысы қазір үрей емес, мысқылдауға себепші болып отыр.

Санкциямен Ресей және Қытайды қорқыту мүмкін емес. Себебі, олар онсыз да санкциялық шектеудің астында қалып отыр. Таразының екінші басында қару-жарақты жаңартуға деген қажеттілігі бар және ол үшін қаржы төлеуге дайын Иран тұр. Американың "аластатылған" елмен күресуде өз дегеніне жету мүмкіндігі қандай? АҚШ ресейлік С-400 аппараттарын сатып алған өз одақтасы Түркиямен де есеп айырысқан жоқ.

Оның үстіне, дауыс беру барысында қалыс қалған Ұлыбритания, АҚШ-тың ең жақын одақтасы бола тұра ирандық қару-жарақ нарығының бір бөлігінен дәмелі секілді. Сондықтан, мұхиттың арғы жағындағы серіктесінің үрейлі мәлімдемесі оларға өз позициясын өзгертуге тұрарлықтай себеп емес болып тұр. 

83
Құтыларды көтеріп тұрған медицина қызметкері

Вакцина қаншалықты қауіпті: АҚШ жауап талап етіп отыр, ал Еуропа пайда көргісі келеді

30
(Жаңартылды 15:35 30.09.2020)
Соңғы уақытта AstraZeneca британ-швед фармацевтикалық компаниясы және Оксфорд университеті бірлесе әзірлеген AstraZeneca вакцинасына қатысты мәселе жиі көтеріліп жүр

Мәселен, АҚШ екі апта бұрын уақытша тоқтатылған AstraZeneca вакцинасына қатысты сынақтар қайта қалпына келтірілген жоқ. Ал америкалық жетекші БАҚ препараттың қауіпсіздігі төңірегінде ауық-ауық хабар тарата бастады. Бұған Си-эн-эн телеарнасы айрықша назар аударып отыр, деп жазады РИА Новости.

Бұған дейін белгілі болғандай, AstraZeneca-ны клиникалық сынақтан өткізу екі рет – шілде және қыркүйек айында тоқтатылды: еріктілердің екеуінде жүйке ауруларының белгілері байқалған. Кейін "бұл екі жағдайдың вакцинаға қатысы жоқ" деген қорытынды шығарылып, көп елде, соның ішінде Ұлыбританияда сынақтар одан әрі жалғасын тапты.

Дегенмен америкалық ғалымдар мен АҚШ-тың денсаулық сақтау саласының мамандары препараттың кері әсері мен ол туралы жазылатын ресми есепте айтарлықтай алшақтық бар екеніне көз жеткізді.

AstraZeneca шілдедегі оқиғаны бұған дейін диагнозы қойылмаған ұмытшақтық ауруымен түсіндірді. Алайда, Оксфорд университетінің сайтында ол "жүйке ауруының түсініксіз белгілері" деп сипатталған.

Ал қыркүйектегі екінші оқиғаға байланысты компания ерікті әйелде "түсініксіз ауру" анықталды деп көпшілік алдында мәлімдеді. Бірақ ішкі құжаттамада бұл жағдай көлденең миелит (сирек кездесетін жүйке ауруы) түрінде сипатталған. 

Осылайша, америкалықтар науқастарда анықталған аурулар мен ресми мәліметтердегі сәйкессіздіктер туралы заңды сауалдар қоя бастайды. AstraZeneca тарапына бұған дейін де көп шағым түсетін еді. Жаңадан туындаған сәйкессіздік дауы перепаратқа және оның қауіпсіздігіне деген сенімділікті одан әрі төмендетіп жіберді.

Америкалық профессор-иммунологтардың бірі вакцина салдырған еріктілердің денсаулығында ұқсас ауытқушылықтардың пайда болғанын айта келе, олардың жүйке аурулары белгілерімен өрбігенін атап өтті.

Әрине, жүйке жүйесі ауруына AstraZeneca вакцинасы емес, адамдардың денсаулығындағы кінәраттар да себеп болуы мүмкін. Алайда, аталған препаратқа қатысты мәселені нақтылау қажеттігі айдан анық. Америкалық жауапты қызмет өкілдері бұл мәселеден басын ала қашқан жоқ, тек өзінде сынақ өткізуді уақытша тоқтатты. Бұл жерде олардың еуропалық әріптестерінің ұстанымдары таңғалдырып отыр. Олар осы мәселені елемегендей кейіп танытып, еріктілерді тестіден өткізуді жалғастырып келеді.

Жуырда Reuters ақпарат агенттігі ЕО өкіліне сілтеме жасай отырып, AstraZeneca-ның Еуродақпен вакцина төңірегінде келісімге келгенін хабарлады. Келісім тамыз айында жасалған, алайда оның кейбір маңызды тетіктері туралы енді ғана айтыла бастады.

Фармацевтикалық компания ЕО-ны препаратпен арзан бағада қамтамасыз етеді, бірақ вакцинадан қандай да бір кері әсер туындаған жағдайда, қаржылық жауапкершілікті (белгілі бір шектен жоғары) өз мойнына алмайды. Мәміленің нақты ауқымы туралы айтылмаған, бірақ Еуропа бір дозасы үшін AstraZeneca-ға 2,5 еуро төлейтіні белгілі болды. Дәріні GlaxoSmithKline концернімен бірлесе әзірлеп жатқан француздың Sanofi фармацевтика өндірушісі оны Еуропаға он еуроға сатқан.

Айтпақшы, екі компания да ЕО-дан алдын ала қайтарымсыз төлем алып үлгерген. Мәселен, AstraZeneca-ға 400 миллион дозамен қамтамасыз еткені үшін 336 миллион еуро, ал 300 миллион дозамен қамтамасыз еткені үшін Sanofi компаниясына 324 миллион еуро төленген.

Осылайша, егер жақында жаппай вакцинациялау кезінде кенеттен AstraZeneca препаратының адам денсаулығына зияны анықталса, бұл компанияны қиын жағдайға душар етпейді. Зардап шеккен азаматтарға өтемақыны ұлттық үкіметтер, дәлірек айтқанда, тиісті елдердің салық төлеушілері төлейді.

30
Кілт сөздер:
АҚШ, еуропа, вакцина
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі кезекті отырыстың бірі

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады

60
Қауіпсіздік кеңесі Әзербайжан мен Арменияны келіссөздерге оралуға шақырды. Алайда, Ильхам Алиев Арменияның Қарабақ келіссөзіндегі талаптарын қолайсыз деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабақтағы қақтығыс аймағында ауқымды соғыс қимылдары туралы хабарламаларға алаңдаушылық білдіреді, делінген Қауіпсіздік кеңесінің талқылау қорытындысының тұжырымдамасында.

"Олар (Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері – Sputnik) күш қолдануды қатаң түрде айыптап, адам өліміне өкінетіндіктерін білдірді", – деді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Абду Абарри.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Армения мен Әзербайжанды атысты дереу тоқтатуға және алдын-ала шартсыз мәнді келіссөздерді бастауға шақырды. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағаларының орталық рөліне толық қолдау білдірді.

Әзербайжан президенті "қолайсыз" шарттар туралы айтты

Баку Ереванның Қарабақ бойынша келіссөзде қолайсыз талаптарды алға тартып отырғанын мәлімдеді.

"Армения қолайсыз талаптар қою арқылы келіссөз процесін әдейі бұзады", – деді Әлиев "Россия 1" арнасының эфирінде.

Таулы Қарабақтағы қақтығыстың шиеленісуі

Әзербайжан қорғаныс министрлігі 27 қыркүйекте Армения қарулы күштері шектесу сызығындағы елді мекендерге оқ атқанын хабарлады. Оның салдары азаматтық және әскери шығындарға ұшыратқан. Ал Армения қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Әзербайжан тарапынан Қарабаққа әуе және ракеталық шабуылдар жасалған.

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақтағы қақтығыс: Әзербайжан мен Армения келісімге келе ала ма?

60
Кілт сөздер:
БҰҰ, Әзербайжан, Армения
Тақырып бойынша
Армения ер адамдардың елден кетуіне тыйым салып, Әзербайжанда интернет шектелді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті граната алып жүрген Әзербайжан азаматтарын ұстады
Әзербайжан Қазақстанға нота жіберді
Апатқа ұшыраған "Армения" кемесі: адам өлімі "Титаниктен" алты есе асып түседі
Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асқанын мәлімдеді
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті