Юлия Тимошенко

Юлия Тимошенко жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды

94
(Жаңартылды 18:53 25.08.2020)
Тимошенко өмірлік маңызы зор дене функцияларының бұзылуын болдырмауға бағытталған шаралар кешенінен тұратын қарқынды терапия курсынан өтуде

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды деп хабарлайды РИА Новости.

Өткен аптада Тимошенко мен оның қызы және күйеу баласы коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды. Депутаттың дене қызуы көтеріліп, ол ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Ал Тимошенконың туыстары COVID-19-дың жеңіл формасынан зардап шегуде.

Саясаткердің баспасөз хатшысы "әзірге жақсы жаңалық жоқ" екенін айтады.

Оқи отырыңыз: Коронавирусты қайта жұқтырып жатыр: ДДҰ түсініктеме берді

Қазіргі кезде Тимошенко өмірлік маңызы зор дене функцияларының бұзылуын болдырмауға бағытталған шаралар кешенінен тұратын қарқынды терапия курсынан өтуде.

94
Кілт сөздер:
коронавирус, Украина
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1520)
Тақырып бойынша
ДДҰ ұсынысы: балаларға қай жасқа дейін маска тақпауға болады
Ресейде айына екі миллионға жуық вакцина шығарылады
COVID-19 жұқтырған Тимошенконың жағдайы ауыр – баспасөз хатшысы
Зеленскийдің президент болғанына бір жыл: сарапшылар не дейді?
Зеленский террористің ойға қонымсыз талабын орындауға мәжбүр болды - видео
Ағылшын ауылының тұрғындары

Қазақстандық олигарх Англияда 200 үй салғалы жатыр: тұрғындар наразылық білдірді

52
(Жаңартылды 21:36 21.09.2020)
БАҚ қазақстандық олигархтың ағылшын ауылындағы сатып алған жеріне 200-ден астам үй салғалы жатқанын хабарлады

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. XII ғасырда іргесі қаланған ұлыбританиялық Ист-Хосли ауылының тұрғындары қазақстандық миллионер Нұрлан Бизақовты сотқа беруге дайын отыр. Қазақстандық сол аймақтағы өзіне тиесілі жылқы зауыты аумағына 205 тұрғын үй кешенін салғалы жатыр, ал тұрғындар бұған наразылық танытуда, деп жазды Daily Mail.

Басылымның хабарлауынша, ауыл тұрғындары бұл құрылыс сол елді мекеннің тарихи келбетін бұзатынына сенімді.

2010 жылы Нұрлан Бизақов Шығыс Сассексте Hesmonds жылқы зауытын сатып алған. Жергілікті тұрғындар бастапқыда бұл жаңалыққа қуанған еді, себебі олигарх зауыттың көркеюіне миллиондаған доллар қаржы құйды.

Алайда жақында Бизақовтың сол аймаққа 205 тұрғын үй салуға рұқсат алғаны белгілі болды. Енді тұрғындар миллионерге және оның бұл жоспарына қарсы болып отыр, олар тіпті Бизақовпен сот арқылы күресуге дайын.

Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр: байлар неден қашты? 

Ауылда шамамен 500 үй бар. Алайда тағы екі жүз үй салу туралы жаңалық тұрғындарды қуантпады.

"Барлығы Бизақовтың миллиондаған қаражат құйғанына қарап оны керемет деп санайды. Алайда мұндай ауқымды құрылыс бірегей ауылды құртады, бұл елді мекеннің іргесі мың жыл бұрын қаланған. Бизақов Францияға (Бизақовтың бұл елде де жылқы зауыты бар – Sputnik) тарихи ауылды жоюдан тапқан миллиондаған қаражатты өзімен бірге алып кеткенде ғана бұл іс шешілетіндей көрінеді", - деді жергілікті тұрғындардың бірі Джонатан Уокер.

2017 жылы Нұрлан Бизақов Forbes рейтингісі бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарына енді. Оның байлығы 445 миллион доллар деп бағаланды. Әр жылдары Бизақов Қазақстанның ұлттық компанияларында жоғары қызметтер атқарған.

52
Кілт сөздер:
бизнесмен, Ұлыбритания
Тақырып бойынша
Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатып жатыр
Олигарх Мақсат Әріптің 17 миллион доллар тұратын үйіне бұғау салынды
Министр Нұрымбетов ауқатты адамдар қай өңірлерде тұратынын айтты
Уктам Барноев

Өзбекстанның вице-премьері қайтыс болды

8752
Шенеуніктің коронавирус жұқтырғаны туралы шілде айында белгілі болды. Ол 2020 жылдың ақпан айында вице-премьер қызметіне кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. 57 жасқа қараған шағында Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев көз жұмды. Ол үкіметте аграрлық және азық-түлік саласына жауап берді.

Ақпаратты Бұхара облысының жергілікті әкімшілігінде растады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Айта кетсек, Барноев ұзақ уақыт бойы коронавирустан ем қабылдады. Шенеунікке шілде айында СOVID-19 диагнозы қойылды. Ол Akfa Medline жеке емханасында емделді. 

Расталмаған мәліметке сәйкес, Барноев соңғы уақытта Германияда дәрігерлерге қаралды.

Барноев 2020 жылы ақпан айында премьер-министр орынбасары қызметіне орналасты. Бұған дейін ол Бұхара облысының хокимі болған.

8752
Кілт сөздер:
коронавирус, Өзбекстан
Тақырып бойынша
Өзбекстан президентінің қызы ұлының атын Шавкат деп қойды
Өзбекстан президенті Тоқаевтың кеңесшісін жалдады
Өзбекстанда ауыр қылмыс жасаған әйел Қазақстан азаматтығын алған
Өзбекстанда ер адам әйелі әдемі болғаны үшін үстіне бензин шашып, от қойған
Өзбекстан азаматы 1 368 жылға сотталды
Архивтегі фото

Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті

0
Полицияға ауылдан шығаберісте қатты жылдамдықпен жүрген көлік аударылып, өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында біреудің көлігін айдап әкеткен азамат жол апатына ұшырады, деп хабарлады Polisia.kz.  

20 қыркүйек күні Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық полиция басқармасына 47 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны хабарласып, аудан орталығына туысының үйіне келгенде түнгі сағат 1.00 шамасында белгісіз біреу аулада тұрған автокөлігін айдап әкеткенін жеткізген.

Арада біршама уақыт өткенде полицияға ауылдан шығаберісте қатты жылдамдықпен жүрген көлік аударылып, өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері өртенген ұрланған көлік екенін анықтады.

Оқи отырыңыз: Ордабасы тұрғыны көшеде келе жатып, ұрланған көлігін танып қойды 

Куәгерлер көлік аударылғанда оның ішінен белгісіз азамат шығып, оқиға орнынан ізін суытқанын айтқан.

Автокөліктің қатты өртенгені сондай, қайта жөндеуге жарамсыз болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі үш миллион теңгеден асқан.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстап, оған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

0
Кілт сөздер:
ұрлық, көлік
Тақырып бойынша
Түркістанның екі тұрғыны ұрланған көлікпен жол апатына түсті
Денис Теннің өліміне күдікті өз өмірі туралы шындықты айтты
Алматыда 350-ге жуық көлік айнасын ұрлаушы ұсталды
Ұрланған ақшаға көлік алған: Шымкент тұрғынын өртеп жіберген қаскүнем ұсталды
Алматыда көлік айдап әкеткен қос ұры өлім аузынан қалды - фото
Жоғалған автокөлік нөмірін үйден шықпай-ақ қалпына келтіруге болады