Смартфон, архивтегі фото

Дәрігер смартфонның адам денсаулығына қалай әсер ететінін айтты

1876
(Жаңартылды 14:22 07.09.2020)
Сарапшы мобильді құрылғылардың адамның есте сақтау қабілеті мен баланың ағзасына өте зиянды екенін мәлімдеді

АЛМАТЫ, 7 қыркүйек  — Sputnik. Смартфондар адамның есте сақтау қабілетіне қауіпі болып саналады. Бұл туралы мәскеулік терапевт Олеся Набокова "Прайм" агенттігіне мәлімдеді.

Маманның айтуынша, гаджеттерді жиі қолданған кезде адам фактілер мен қысқа мерзімді ақпаратты нашар есте сақтай бастайды. Бұған жол бермеу үшін және есте сақтауды жақсарту үшін белгілі бір жаттығулар жасау керек.

"Телефонға суретке түсіру, мобильді құрылғылармен жұмыс істеу, навигацияны пайдалану және үнемі интернеттегі жаңалықтарды оқу есте сақтау проблемасын тудырады. Адам ақпаратқа қол жеткізетініне сенімді болса, қандай да бір шектеу бар жағдаймен салыстырғанда деректерді әлдеқайда нашар есте сақтайды", - деп түсіндірді маман.

Сонымен қатар зерттеулер ұялы телефондар мен смартфондарды белсенді қолданатын балаларда жарық және дыбыстық сигналдарға реакция баяулайтынын көрсетті. Сондай-ақ, балаларда жазу кезінде жіберетін қатесі көбейіп, жұмысқа деген қабілеті төмендейді, назар аудару және мағынасын түсіну де әлсірейді. Мамандардың айтуынша, телефон арқылы жиі қоңырау шалып, техникалық құрылғыны оң құлағына қойып қолданатын жасөспірімдерге дерексіз формаларды есте сақтау қиынға соғады.

Бұл құрылғылардың адамның өмір сүру процесіне қосылғанына ұзақ уақыт болған жоқ, сол себепті оның нақты әсерін медициналық тұрғыдан дәлелдеп, бұл сұраққа жауап беру үшін біршама уақыт керек. Сарапшының айтуынша, гаджеттерді белсенді қолданатын адамдар қартайып, содан кейін ғана олардың ненің әсерінен дүниеден өткенін білуге болады.

Оқи отырыңыз: Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты 

Маманның айтуынша, еске сақтау қабілетінің төмендеу процесін тоқтатуға болады. Зерттеулер күн сайын жарты сағат жаттығу жасау қысқа мерзімді жадты 30 процентке жақсартатынын көрсетті. Жаттығу ретінде дауыстап санау, кері санау, сан және сөзге қатысты тапсырмаларды орындауға болады.

Адамдар смартфонды қолданған кезде басын еңкейтіп отырады. Сол себепті күн сайын бірнеше минут қол, білек, мойын мен иыққа арналған жаттығу жасау керек. Сондай-ақ, кем дегенде сегіз сағат ұйықтау қажет. Дәрігер ұйқыдан екі сағат бұрын смартфонды пайдаланбауға кеңес берді, оның орнына кітап оқуды ұсынды.

1876
Кілт сөздер:
ұялы телефон, смартфон
Тақырып бойынша
Алматы облысында селфи жасамақ болған екі жасөспірім көз жұмды
Телефонды жатып қолданатындар соқыр болып қалуы мүмкін
"Тыйым салу керек": депутат мектепте неден бас тарту қажет екенін айтты
Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады
Архивтегі фото

Қытайда тәрбиеші өлім жазасына кесілді

88
Балабақша қызметкері Ван Юнь әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қытайдың Цзяоцзо қаласында халық соты балабақша қызметкерін өлім жазасына кесті, деп хабарлады РИА Новости.

Сот материалдарына сәйкес, "Мэнмэн" балабақшасында жұмыс істеген Ван Юнь деген келіншек орта топқа жауапты тәрбиешімен жанжалдасып қалған. Артынан әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 2019 жылы 27 наурызда таңертең Сунь есімді тәрбиешінің балалары жейтін ботқаға натрий нитритін салып жіберген. Сол күні 25 бала уланып, ауруханаға түсті. Бір бала көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды 

Тергеу шаралары барысында Ван Юньн осы іспетті тағы бір қылмыс жасағаны анықталды. Осыдан үш жыл бұрын үйдегі жанжалдан кейін ол күйеуін улаған. 2017 жылы ақпан айында алдымен интернет арқылы натрий нитритіне тапсырыс берген. Ал химиялық затты алғаннан кейін суға қосып, күйеуіне берген. Ол кезде ер адам уланғанмен қатты зардап шекпеген.    

Цзяоцзо қаласының орта санаттағы халық сотының шешімімен Ван Юнь өлім жазасына кесілді.

88
Кілт сөздер:
Қытай, балабақша
Тақырып бойынша
Шымкентте балабақшада төрт бала мен тәрбиеші уланып қалды
Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті
Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты
Бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкері жазадан құтылды
Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды
Архивтегі фото

Өзбекстанда тұратын қазақ көмек сұрады

2219
Жорықбаев қазақ мәдени орталығының құрылысын екі жыл бұрын бастаған. Ол үшін бизнесін сатып, банктен кредит алған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанда қазақ мәдени орталығын салып жатқан азамат Қазақстандағы қандастарынан көмек сұрады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Жақсылық Жорықбаев қазақ жастары арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеу үшін орталық ғимаратын өз есебінен тұрғызбақшы еді. Алайда қазір құрылыс тұралап қалған көрінеді.

Ташкенттен 40 шақырым жерде орналасқан Шыршық шаһарында 25 мыңдай қазақ түтін түтетіп отыр.  

"Бұл – біздің орталықтың екінші қабаты. Бұл жерде домбыра, би, жайдарман үйірмелерін өткізбекшіміз. Өзіміздің фольклорлық ансамбліміз болады", - дейді Шыршық қаласы қазақ мәдени орталығының төрағасы Жақсылық Жорықбаев.

Бұл жерді Жақсылық Жорықбаев жергілікті қазақ жастары жиі бас сұғатын орынға айналдырмақшы. Оның мақсаты – балаларды бауырмалдыққа һәм қазақылыққа тәрбиелеу. Қандас бауырымыз Өзбекстанда ұлтымыздың ұлыларын жиі ұлықтайды. Мысалы, биыл Абайдың 175 жылдығына арнап ауқымды ісшара өткізген.

"Ата дәстүрді үйретуіміз керек. Осы құрылысты сол үшін қолға алдық. Жастарды бір жерге жинап үйретпесек, түсінбейді. Әркім өз тіршілігін істеп жүр", - дейді орталық басшысы.

"Бір мәселеміз бар еді, оны да Мирзиеев шешіп берді": Өзбекстандағы қазақтардың өмірі

Жорықбаев қазақ мәдени орталығының құрылысын екі жыл бұрын бастаған. Ол үшін бизнесін сатып, банктен кредит алған. Ғимаратты былтыр өткен Өзбекстандағы Қазақстан жылы қарсаңында салып бітіруді көздеген еді. Қазір қаржы мәселесі қос бүйірден қысып отыр дейді ол.  

"Мен 120 мың доллардан артық қаржы жұмсадым. Енді 30 мың доллар болса, жұмыс бітеді. Қазақстан халқы жәрдем беріп жатса, Алла разы болады деп ойлаймын", - деп түйіндеді Жақсылық Жорықбаев.

2219
Тақырып бойынша
XXI ғасырдың қазағына оғаш көрінетін салт-дәстүрлер
Өзбекстаннан келген оралман отбасында жантүршігерлік қылмыс жасалды
Қаны сирек кездеседі: қазақ жігіті қытайларға қалай көмектесіп жүр
Моңғолияның парламентіне үш қазақ депутат болып сайланды
"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты