Әлем

Әлемдік саяси тәртіп үлкен өзгеріске ұшырады

© Photo : Рixabay/geralt Рукопожатие, иллюстративное фото
Рукопожатие, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемдік ақпараттық орта соңғы күндердегі 2014-2015 жылдарды еске түсіріп отыр. Осы жылдары Батыс ғаламшарлық деңгейдегі науқанға кіріскен болатын

Қазіргі жағдайда көптеген адамдар үшін сол кездегі процестер жалғасып жатқандай және Ресей мен батыс державалар арасындағы кезекті қарсыласу секілді көрінеді. Біреулер бұл үшін қапалануы мүмкін. Себебі, соңғы жылдары барлығы қалпына келіп жатқандай еді.

2010-шы жылдардың ортасында орын алған оқиғалар мен қазіргі жағдай сырттай ұқсас болғанымен, екеуінің арасы жер мен көктей екенін уәж етуге болады.

Соңғы бес-алты ай ішінде саяси әлемдік тәртіп үлкен өзгеріске ұшырады. 2010-шы жылдардың ортасында ғаламшар Pax Americana – батыстық басымдылық режимінде өмір сүріп жатты. Сол кездің өзінде-ақ бұл режим үлкен дағдарысқа ұшырай бастағанымен, оның осалдылығына қандай да бір күмән жоқ еді.

Сирия - Sputnik Қазақстан
Батыс орыстардың Сириядағы әскери көмегін алғаш рет мойындады

Жалпы, Батыстың туындаған проблемаларға көз жұма қарауы және өзінің уысынан шығып бара жатқан "ұлылығын" ұстап қалуға жанталаса тырысуы, тым өктем бәсекелесін тұншықтыруға деген талпынысы байқалды.

Батыс саясаткерлерінің айқайы, ақылға қонымсыз айыптаулар, секторлық санкциялардың барлығы Мәскеудің толық геосаяси капитуляциясына қол жеткізуге бағытталды. Бұл жеңілген қарсыласты өз ұлылығының ұзақтығын қамтамасыз ететін ресурс көзіне айналдыруға мүмкіндік берер еді.

Қазіргі жағдайды жүйенің жанталасуы дей алмағанымызбен, ауыр дағдарыстың болып жатқанын сенімді мәлімдеуге болады. Осы кезеңде Батыстың өз ішіндегі ашық эскалацияны байқалды. Мұнда сөз тек елдер, Ұлыбритания мен ЕО, Германия мен АҚШ секілді мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың ушығуын ғана емес, батыс елдердің ішіндегі қоғамдық-саяси қайшылықтың күрт артуын тілге тиек етілуде.

2010-шы жылдардың ортасында өз діттеген мақсатына жетпеген ол өзін-өзі жей бастады. Ал, сыртқы саяси ахуал ол үшін ішкі тартыстан туындаған қосалқы дүниеге айналды. Оның ақыры ретінде бірнеше айға созылған көшедегі тәртіпсіздіктер мен президенттік науқан секілді АҚШ-тағы жағдайларды атауға болады.

Вид на город Будва в Черногории - Sputnik Қазақстан
Әлем
Черногорияның оппозиция көшбасшысы Батыс санкцияларына қатысты пікір білдірді

Алексей Навальныйдың улануына қатысты оқиға "Солтүстік ағын – 2" жобасының тағдырын шешуде Германиядағы проамерикалық пен ұлттық мүддені қорғайтындар арасындағы ішкі саяси текетірестің туындауына себепші болып отыр. Дәл осы сияқты жағдай қытайлық Huawei компаниясы немесе Еуропа және Иран арасындағы ынтымақтастық аясында орын алып отыр.

Қазіргі жағдайда өздеріне тәуелділік талап етіп отырған батыстық күштер алдыңғы кезеңде құрылған қақпанға түскендерін аңғармай отыр. Сол кезде де өз мақсаттарымен бірыңғайласқан Батыс "аластатылған елдерге" қысым көрсетіп, оларды өз үгіт-насихатында кез келген әрекетке баруға дайын қатыгездерге айналдырған болатын.

Соның салдарынан қазір Батыстағы ешқандай саяси күш ресейлік блогердің "Новичокпен" уланғаны туралы бундесвердің мәлімдемесіне күмән келтіріп, барлық мүдделі тараптардың қатысуымен қайта тексеру жүргізіледі деп мәлімдеуге батылы жетпейді. Сол секілді "коммунистік Қытайды" әлем елдерін 5G арқылы роботтандыруға тырысып жатыр деп айыптаулары да екіталай. Оның артында германиялық өнеркәсіпті тұншықтыруға және жаңа газ құбырынан бас тартуға қарсылық тығылып тұр.

2010-шы жылдардың ортасында Ресеймен қарсыластықтың шарықтау шегіне жеткен тұста Батыс радикалды амалдарға барған жоқ болатын. Енгізілген секторлық санкциялар Мәскеу үшін ықпалы болғанымен, одан әріге бармады.

Бірақ, сол уақытта SWIFT-тен ажырату секілді түрлі ауыр шешімдер бар еді. Алайда, оған жүгінбеді.

Здание Министерства иностранных дел России в Москве.  - Sputnik Қазақстан
"Бізге дәлел қажет": Ресей New York Times мақаласына баға берді

Барлығы бұл әдіссіз-ақ іске асады деп шешім қабылданды. Нәтижесі анық: іске асқан жоқ.

Енді оқиғаның қалай өрбуіне қарамастан, мейлі "Солтүстік ағын – 2" жобасынан бас тартсын немесе Huawei-дің Еуропадағы жұмысына толық тыйым салсын, қайткенмен де ол Ресей мен Қытай үшін бұлтартпас болуы екіталай.

Алайда, ол батыс әлемнің ұлттық экономикасының бүтіндей бір салалары үшін апатты әсер қалдырып, соның салдарынан элитаның бірқатар бөлігіне де кері әсер етпек.

Азаматтық соғыстан асқан аяусыз жоқ деп бірнеше рет айтылған болатын. Алайда, қазір соларды қолдануға дайын секілді. Бірақ, ауқымды ұрандарға қарамастан, геосаяси қарсыластар емес, ішкі жаулар басты нысан болғалы отыр.

Жаңалықтар
0