Әлем

Қытайда жойқын жарылыс болды – видео

© AFP 2024 / GOH CHAI HINНеотложка в Китае, архивное фото
Неотложка в Китае, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше оқиғаның себебі әлі анықталып жатыр. Жарылыс болған жерде түсірілген видеода қонақүйдің бірінші қабаты зақымданғанын көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек — Sputnik. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Чжухай қаласында қонақүйде жарылыс болды. 

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген фото мен видео тарап жатыр. Кадрда қонақүйдің бірінші қабаты зақымданғанын көруге болады.

Төтенше оқиға туралы ақпарат 11 қыркүйек Бейжің уақыты бойынша таңғы 9-да (Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 7-де) түсті. Жарылыс болған жерге 11 өрт сөндіру көлігі жетті, деп хабарлайды РИА Новости.

"Жұма күні таңертең болған жарылыс салдарынан үш адам жарақат алды. Таңғы 10 шамасында өрт сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады CGTN телеарнасы.

Қазіргі уақытта құтқарушылар зардап шеккендерді үйінді астынан шығарып жатыр.

Жаңалықтар
0