Балалардың дене қызуын өлшеу сәті

"Коронавирус бақылаудан шығып барады": БҰҰ бас хатшысы мәлімдеме жасады

364
(Жаңартылды 10:38 17.09.2020)
БҰҰ бас хатшысының айтуынша, адамдардың көпшілігі бар үмітін вакцинамен байланыстырғанымен, пандемияға қарсы панацея жоқ деп санайды. Тіпті, вакцина да дағдарысты жоя алмайды дейді ол

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясында БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш коронавирустың өршуі бақылаудан шығып бара жатқанын мәлімдеді.

"COVID-19 пандемиясы – бұл біздің өміріміздегі ешбір дағдарысқа ұқсамайтын дағдарыс. Сондықтан бас Ассамблеяның биылғы сессиясы да басқа сессияларға ұқсамайтын болады", – деді ол.

Бас хатшы көп ұзамай адамзат миллиондаған адамның өмірін жалмаған коронавирус індетін еңсеретінін атап өтті және пандемияны жаһандық қауіпсіздік үшін "бірінші қауіп" деп атады.

Гутерреш көптеген адамдар вакцинаға үміт артып отырғанын айтады. Бірақ пандемияға қарсы панацея жоқ. Ол вакцинаның өзі дағдарысты реттей алмайтынына тоқталды.

"Дегенмен, вакцинаға бүкіләлемдік игілік деп қарау керек. Өйткені, COVID-19 эпидемиясында шекара жоқ. Бәріміз үшін қолжетімді адамдарға арналған вакцина керек", – деп жазады бас хатшының сөзін РИА Новости.

Ол алдағы 12 ай ішінде аурумен күресуге және емдеуге көмектесетін жаңа қолданыстағы құралдарды пайдалануды мейлінше арттыруға шақырды.

"Вируспен қатар біз болашақ вакцина туралы жалған ақпараттың да таралуын көріп отырмыз. Бұл қаскүнемдік теориясын өршіте түседі. Оның салдарынан әлемде вакциналарға деген сенімсіздік күшейіп келеді", – дейді Гутерреш.

Оқи отырыңыз: ДДҰ басшысы бүкіл әлемдегі мектептердің ашылуы туралы ойын айтты

Ол бірнеше елде көптеген адамдар өздерінің COVID-19-ға қарсы вакцинадан бас тартатынын айтып жатқандығы туралы да айтып өтті. Вакциналар туралы мұндай жалған ақпарат та аурудың өзі сияқты "өлімге әкелетін" жағдай дейді ол.

364
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус, БҰҰ
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1523)
Тақырып бойынша
Коронавирусты қайта жұқтырып жатыр: ДДҰ түсініктеме берді
ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді
БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді
Қазақстанның БҰҰ-ға қосылуына үлкен еңбек сіңірген тұлға қайтыс болды
БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров

Әлем бөлектенуден шаршады - Лавров

6
Барған сайын қарқын алып келе жатқан жаһандық проблемаларға дер кезінде жауап беру қиындық тудырып тұр, дейді дипломат

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Әлем бөлінуден шаршады, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталық сессиясында ҰҚШҰ елдері атынан сөйлеген бейнеүндеуінде.

"Қазір, өкінішке қарай, төрткүл дүниенің әр аймағында қарулы қақтығыстар өршіп тұр. Оған халықаралық терроризм, есірткі және киберқылмыс, климаттың өзгеруі секілді қазіргі заманның өткір сын-қатерлері қосылды. Биыл бұл тізім тағы бір қауіппен  - әлеуметтік-экономикалық және басқа да салалардағы дағдарыстарды ушықтырған коронавирус пандемиясымен толықты", - деді дипломат.

Оның айтуынша, барған сайын қарқын алып келе жатқан жаһандық проблемаларға дер кезінде жауап беру қиындық тудырып тұр, деп жазады РИА Новости.

"Бұл көп жағдайда, кейбір елдердің өзге мемлекеттердің заңды мүдделерімен санасқысы келмегендігімен байланысты болып отыр", – деп атап өтті Лавров.

Ол "құқықтарға негізделген әлемдік тәртіп" сынды тұжырымдар мен стандарттарды мықтап бекіту белең алып келе жатқанын жеткізді. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің артықшылықтарын бұза отырып, біржақты санкцияларды қолданумен елдердің ішкі істеріне араласудан, төзімсіздік пен өшпенділік көріністерінен айқын көрініп келеді.

"Алайда, тарихтың табиғи бағытын өзгерту мүмкін емес. Бүгінде халықаралық аренада экономикалық өсімнің жаңа орталықтары күшейіп, қарулы қақтығыстарды тек бейбіт жолмен реттеу қажеттілігі артып келеді, өзара тәуелділік деңгейі өсіп отыр. Әлем "бөлектену сызығынан", мемлекеттерді "біздікі" және "өзгенікі" деп бөлуден жалықты, әлем жан-жақты өзара көмек көрсету мен ынтымақтастықты дамытуды талап ете бастады. Яғни, 75 жыл бұрын БҰҰ құрылған кезде тұжырымдалған мақсат-міндеттер өзектілене түсуде", - деді министр.

Лавров сонымен қатар, тарихты қайта қарау, фашизмді жеңуге шешуші үлес қосқан халықтардың рөлін төмендету әрекеттерін миға қонымсыз деп атап өтті. Ол өткеннен сабақ алуға, азат етуші жауынгерлердің ерліктерін қастерлеуге, олардың даңқын көтеру мақсатында орнатылған ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз етуге шақырды.

Ресей СІМ басшысының айтуынша, қазіргі жағайда, БҰҰ өзінің жарғысына сәйкес қатаң үйлестірілген жұмысты жүргізетін тиімді құрылым болып қалуы керек және БҰҰ жүйесінің негізгі органдарының мандаттарын жеңілдетуге және олардың өкілеттіктерін қайталауға жол берілмеуі тиіс.

Лавров халықаралық құқық нормалары негізіндегі келіссөздер аясында қақтығыстарды дипломатиялық, бейбіт құралдармен реттеу әлемдік қауымдастықтың басты міндеттерінің бірі болып қалуы керектігін, бұл жерде басымдық терроризм мен ұйымдасқан қылмыспен күрес кезіндегі ынтымақтастықты кеңейтуге берілетінін атап өтті.

Министр сонымен қатар, жаһандық тұрақтылықты сақтау үшін қару-жарақты бақылау, қарусыздану және таратпау жүйесін әлсіретуге тырысу әрекеттеріне тосқауыл қоюға шақырды.

6
Ағылшын ауылының тұрғындары

Қазақстандық олигарх Англияда 200 үй салғалы жатыр: тұрғындар наразылық білдірді

340
(Жаңартылды 21:36 21.09.2020)
БАҚ қазақстандық олигархтың ағылшын ауылындағы сатып алған жеріне 200-ден астам үй салғалы жатқанын хабарлады

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. XII ғасырда іргесі қаланған ұлыбританиялық Ист-Хосли ауылының тұрғындары қазақстандық миллионер Нұрлан Бизақовты сотқа беруге дайын отыр. Қазақстандық сол аймақтағы өзіне тиесілі жылқы зауыты аумағына 205 тұрғын үй кешенін салғалы жатыр, ал тұрғындар бұған наразылық танытуда, деп жазды Daily Mail.

Басылымның хабарлауынша, ауыл тұрғындары бұл құрылыс сол елді мекеннің тарихи келбетін бұзатынына сенімді.

2010 жылы Нұрлан Бизақов Шығыс Сассексте Hesmonds жылқы зауытын сатып алған. Жергілікті тұрғындар бастапқыда бұл жаңалыққа қуанған еді, себебі олигарх зауыттың көркеюіне миллиондаған доллар қаржы құйды.

Алайда жақында Бизақовтың сол аймаққа 205 тұрғын үй салуға рұқсат алғаны белгілі болды. Енді тұрғындар миллионерге және оның бұл жоспарына қарсы болып отыр, олар тіпті Бизақовпен сот арқылы күресуге дайын.

Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр: байлар неден қашты? 

Ауылда шамамен 500 үй бар. Алайда тағы екі жүз үй салу туралы жаңалық тұрғындарды қуантпады.

"Барлығы Бизақовтың миллиондаған қаражат құйғанына қарап оны керемет деп санайды. Алайда мұндай ауқымды құрылыс бірегей ауылды құртады, бұл елді мекеннің іргесі мың жыл бұрын қаланған. Бизақов Францияға (Бизақовтың бұл елде де жылқы зауыты бар – Sputnik) тарихи ауылды жоюдан тапқан миллиондаған қаражатты өзімен бірге алып кеткенде ғана бұл іс шешілетіндей көрінеді", - деді жергілікті тұрғындардың бірі Джонатан Уокер.

2017 жылы Нұрлан Бизақов Forbes рейтингісі бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің қатарына енді. Оның байлығы 445 миллион доллар деп бағаланды. Әр жылдары Бизақов Қазақстанның ұлттық компанияларында жоғары қызметтер атқарған.

340
Кілт сөздер:
бизнесмен, Ұлыбритания
Тақырып бойынша
Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатып жатыр
Олигарх Мақсат Әріптің 17 миллион доллар тұратын үйіне бұғау салынды
Министр Нұрымбетов ауқатты адамдар қай өңірлерде тұратынын айтты
Операторлар, иллюстративті фото

Журналистердің кәсіподағы құрылды

0
Жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің "BAQ KASIPODAQ" салалық кәсіподағы құрылды. Бұл туралы бүгін ZOOM платформасында өткен бейнеконференцияда белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейнеконференцияға танымал журналистер мен медиаменеджерлер қатысты. Сол жерде жаңа ұйымның төрағалығына журналистика саласында 30 жылдық тәжірибесі бар танымал тележүргізуші Зейін Әліпбек сайланды. Осыдан кейін кәсіподақ басшысы құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс 

"Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруа, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналистердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз", - деді Әліпбек.

Айта кетейік, 2020 жылдың 10 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Республикада 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпарат агенттігі және желілік басылым бар.

0
Кілт сөздер:
журналистика