Өңірлер

Алматыда аптап салдарынан тауға жаяу шығуға тыйым салынды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
29-31 шілде аралығында Алматыда тау ішінде орман өрті шығуы және сел жүру қаупі жоғары

АСТАНА, 29 шілде — Sputnik. Алматы қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ескертуінше, 29-31 шілде аралығында тауға жаяу шығу және автокөлікпен бару шектеледі.

Аптап - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанда 43 градусқа дейін аптап ыстық болады

Бұл шектеулер аптап ыстықпен байланысты. Қазақстанның оңтүстігінде демалыс күндері аптап ыстық ауа райы сақталады.

"29-31 шілде аралығында Алматы қаласындағы ауа температурасының жоғарылауынан және таулы-орманды аумақтардағы өрт қаупінің V класына байланысты Іле Алатауы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі терроториясында жаяу жүру және автокөлік қозғалысы шектеледі", — деп хабарлады ТЖД.

Жаңалықтар
0