"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпкерлерден жылуды заңсыз өшірген – компанияға айыппұл салынды

© SputnikАрселорМиттал Темиртау
АрселорМиттал Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2023
Жазылу
"Табиғи монополиялар туралы" заңды бұзғаны үшін жазаға тартылған қарағандылық компанияның сот шешіміне шағымдануына әлі екі күн уақыты бар
АСТАНА, 13 қазан - Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" қаладағы кәсіпкерлердің нысандарынан жылуды заңсыз өшірген, деп хабарлайды ekaraganda.kz басылымы.
Басылымның мәліметінше, кәсіпкерлер Қарағанды ​​облысының монополияға қарсы органдарына жылу энергиясын өндіру, сондай-ақ сарқынды суларды бұру қызметтері бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөлімінде тұрған компанияның үстінен шағымданған.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Теміртау қаласы кәсіпкерлерінің ұжымдық өтініші негізінде "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеріс нәтижесінде, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның тарапынан кәсіпкерлерді Теміртау қаласының жылумен жабдықтау желілерінен заңсыз ажырату бөлігінде заңбұзушылықтар анықталды", - делінген департамент хабарламасында.
Облыстық монополияға қарсы ведомство Әкімшілік кодекстің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Ал компанияның өзі істі сотта қарауды сұрады.
Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты "Табиғи монополиялар туралы" заңды бұзғаны үшін "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ға 5 520 000 (бес миллион бес жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды.
Сот шешімді 5 қазанда қабылдады, ал компанияның шағымдануға тағы екі күн уақыты бар.
ArcelorMittal - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Министр "АрселорМиттал Теміртау" жайлы: Ешкімнен ештеңе тартып алмаймыз
Жаңалықтар
0