Өңірлер

Қазақстанға 33 градус аяз келе жатыр – синоптиктер

© Sputnik / Санат ИмангалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Жазылу
Қазгидромет 16-18 қаңтар аралығына ауа райы болжамын ұсынды
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Алдағы үш күнде еліміздің көптеген облысында аяз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
"Қазақстанның көптеген облысында ауқымды антициклон әсерінен күн ашық және аяз болады. Тек елдің батысы мен оңтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы күтілуде, қар түрінде жауын-шашын түседі, жел және бұрқасын күшейеді", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде -25-33 градус, күндіз 15-23 градус аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -5-15 градус, күндіз -2-7 градус, ал батыста түнде -8-18 градус, күндіз -3-15 градус.

16 қаңтарда ірі қалаларда ауа райы қандай болады

Астана
Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -30, күндіз -21 градус аяз.
Алматы
Аздап қар жауады. Түнде -7, күндіз -2 градус суық.
Шымкент
Қар аралас жаңбыр жауады. Түнде -5, күндіз -2 градус суық.
Отшельника навещают пастухи, охотники и прихожане церкви - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Алматы облысындағы тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін
Жаңалықтар
0