Астанада балаларды ұрған ер адам ұсталды

© Sputnik / Табылды КадырбековИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2024
Жазылу
30 жастағы тұрғынға бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Астанада үш баланы ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамның үш баланы ұрған сәті бейнекамераға түсіп қалған. Бұл оқиға көпшіліктің наразылығын тудырды. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.
"Байқоңыр ауданының полиция басқармасы осы тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді ведомство.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2024
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды
Жаңалықтар
0