Өңірлер

БҚО-да прокурорлар Ақсай әкімін қызметтен кетірді

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Прокурорлар Ақсай әкімінің "түйіндемесінде" жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтаған.

АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Ақсай қаласының әкімі Айымгүл Тржанова прокурорлық тексеруден соң қызметінен босатылды деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Пара алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Атырауда мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы орынбасары пара алу үстінде ұсталды

Айымгүл Тржанова 2016 жылы 14 қыркүйекте Асқай әкімі болып сайланды. Алайда прокурорлық тексеру барысында, Тржанованың БҚО Бұрлы аудандық білім беру бөлімінің басшысы қызметін атқарып жүріп, жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

2015 жылы 27 наурызда Тржанова ҚР ӘҚК 535-бабы бойынша айыпты деп танылып, 792 мың теңге айыппұл төлеу жазасына кесілген. Қазір Тржанова әкім қызметінен босатылды.

Жаңалықтар
0